Қызылорда демалыс паркі жаңа маусымын ашты

ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) – Қызылордадағы мәдениет және демалыс паркі өзінің жазғы маусымын бастады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Бұл оқиғаға осыншалықты мән беріліп отыруы - аталмыш парк таяуда ғана жекенің меншігінен қайтадан мемлекет иелігіне қайтарылған болатын. Оның ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімі Болатбек Қуандықов демалыс саябағы бас-аяғы 20 күннің ішінде қайта қалпына келтірілгенін тілге тиек етті. Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен 64 миллион теңге қаржы бөлініп, 12 мердігерлік мекеме екі ауысымда жұмыла жұмыс жүргізді. Биыл Қызылорда қаласының 190 жылдығы мен облыстың құрылғанына 70 жыл толу мерейтойларына орай аймақта көптеген жаңа нысандар бой көтеріп, қаланы абаттандыру жұмыстары жарасымды жалғасып келеді. Қалада 100-ден астам көше жөнделіп, гүлзарлар мен саяжолдар, отызға тарта спорттық ойын алаңдары салынды.
Соңғы жаңалықтар
Референдум