16:00, 10 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қызылорда электр қуатының қымбаттауы жөнінен елімізде алдыңғы орында тұр
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында жетіспейтін нәрсенің бірі -электр қуаты. Сондығынан болар, аймақта оның бағасы қашанда жоғары болып келеді.
Былтырғы жылдың желтоқсан айымен биылғы жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі аралықты салыстырып қарағанда, облыста электр қуатының 118,2 пайызға қымбаттағаны белгілі болып отыр. Ал Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында осы аралықта электр қуаты бір тиынға да қымбаттамаған, яғни 100,0 пайыздық мөлшерді сақтап қалған.