Қызылорда қала көшелерінің 216-сы күрделі жөндеуден өткізілді

Облыс әкімінің қолдауымен үстіміздегі жылы қала аумағындағы 33 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болса, қалаға қарасты елді мекендердегі 8 көшені жөндеуден өткізу жоспарлануда. Қала өскен сайын, ондағы көшелер де соған сәйкес көбеюде. Қала бойынша 725 көше бар екендігін ескерсек, оның 216-сы күрделі жөндеуден өткізілді.
Сондай-ақ, 40 жылдан бері жөндеу көрмеген мөлтекаудандардың 140 аулаішілік жолдары мен тротуарлары жөнделіп, автотұрақтар салынды. Оның ішінде 95 аулаішілік жолдар өткен жылдың еншісінде.Биылғы жоспарда 54 ауланы жаңғырту бар. Осылайша үстіміздегі жылы қаланың шағынаудандарының аулаішілік жолдарын жөндеуді 90 пайызға аяқтау көзделіп отыр.
Қазіргі таңда кешкі уақытта тұрғындар көп жүретін орталық көшелердің 72-і жарықтандырылды. Биыл жоспарда 28 көшені жарықтандыру бар.