Қызылорда қаласында 5,5 шақырым жерге электр желісі тартылды

ҚЫЗЫЛОРДА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Қызылорда қаласының Жаңа ауыл аумағы – Қорқыт ата көшесі аяғындағы тұрғын үй ауданына жаңа электр желісі тартылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі."Шет аймақ" бағдарламасы бойынша электр желілерін жүргізген - "Элком" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қызметінің сапасымен ерекшеленетін кәсіпорын қысқа мерзімде 10 млн. 700 мың теңге қаржыны игеріп, 5,5 шақырым желінің тартылуын қамтамасыз етті. Енді жақын күндерде шағын аудандағы 300-дей отбасы осы ізгілікті істің игілігін көретін болады.
Соңғы жаңалықтар