11:36, 07 Қаңтар 2012 | GMT +5
Қызылорда қаласында дәнекерлеу жұмыстары кезінде жұмысшының үстіне бетон құлады
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында дәнекерлеу жұмыстары кезінде жұмысшының үстіне бетон құлады.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтері бойынша, оқиға 6 қаңтар күні 16.15 сағат шамасында орын алды. Дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу барысында «Меркурийстройсервис» ЖШС-нің жұмысшысы В.Наврузидидің үстіне бетон құлап кеткен.
27 жастағы жұмысшы ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.