16:53, 03 Наурыз 2010 | GMT +5
Қызылорда қаласында дарынды балалар мектеп-интернаты бой көтереді
ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда қаласының іргесіндегі Тасбөгет кентінде 240 орындық дарынды балалар мектеп-интернаты бой көтеріп келеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жалпы құны 970 млн. теңге болатын құрылыстың бас мердігері- «Технохолдинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Компания былтыр интернат пен оқу ғимараты, акт, спорт залдары, асхана секілді құрылыстың негізгі бөлігін салып бітірді.
Былтыр 270 адам жұмыспен қамтылды. Олардың дені осы кент тұрғындары болып табылады. Қазір мұнда 2 бригада жұмыс істеп жатыр. Күн жылысымен жергілікті мамандардан жасақталған қосымша бригадалар ғимаратты әрлеу мен жалпы аумағы 4,5 гектарлық мектеп ауласын тегістеу, қоршау жұмыстарына кіріседі. Үстіміздегі жылдың шілде айында заманға сай білім ұясы пайдалануға беріледі.