Қызылорда қаласында халық суретшісі Сахи Романовтың атына көше берілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 4 мамыр. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда қаласында Қазақстанның халық суретшісі Сахи Романовтың атына көше берілді. Бұл игі шараның орындалуына Қазақ­стан Суретшілер одағы облыстық филиалы себепкер болды.
None
None

Осыған арналған рәсімде Қазақстан Суретшілер одағы төрағасының орынбасары Құрман Мұратаев сөз алып, халық суретшісінің рухын көтеруге арналған игі іс үшін алғыс сезімін жеткізді. Жиында сөз алған Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұртілеу Са­лық­ов туысқандар атынан алғыс айтты.

Салтанатты жиыннан кейін суретшінің ағай­ын-туыстары оның әруағына арнап ас берді.

Соңғы жаңалықтар