10:40, 27 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қызылорда қаласында қысқы жылу маусымын ұйымдастыруға 3 917 млн. теңге қарастырылып отыр
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда қаласында қысқы жылу маусымына дайындық жұмыстарын ұйымдастыру үшін бюджеттен 3 917 млн. теңге ақша қарастырылып отыр.
Бұл қаржының 2 877 млн. теңгесі жөндеу жұмыстарына бөлінсе, 319 млн. теңгеге 1,8 мың тонна қатты және сұйық отын алынған. Қазір қалаға жылу беруші екі жылу орталығының маусымға дайындық жұмыстары аяқталуға жақын.
Өткен маусымнан қалған 685 тонна мазутқа қосымша тағы 20 мың тонна осындай отын алынбақшы. Ал жұртшылықтың жылуға қарызы әлі көп. Қысқа уақыт ішінде 150 млн. теңге қарыз жиналғанымен, әлі 404 млн. теңге өтелмеген қарыз бар.