Қызылорда қаласында үш жылда 8 денсаулық саласының нысаны салынады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау саласында Қызылорда қаласында алдағы үш жылдықта 2 емхана, 2 аурухана, елді мекендерде 4 дәрігерлік амбулатория, барлығы 8 денсаулық сақтау саласының нысандары салынады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Соның ішінде биыл Ана мен бала орталығы пайдалануға берілді, 200 орындық балалар ауруханасының, Қызылжарма мен Ақсуат ауылдарында жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жүргізілуде (Қызылжармада 84,4 млн. тг, Ақсуат 78,4 млн. тг).

Әл-Фараби тұрғын ауданындағы 500 келушіге, Тасбөгет кентіндегі 250 келушіге арналған емханалардың, қаладағы 300 төсектік аурухананың, Абай ауылы мен Белкөл кентіндегі амбулаториялардың жоба-сметалық құжаттары дайындалуда.

Қызылорда қаласы халқының 18 пайызы немесе 47 мың адам қалаға қарасты кент және ауылдық округтерде тұрады. Халықтың қалыпты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету үшін ауылдық елді мекендерге жыл басынан 437 млн. теңге бөлінді.

Соңғы жаңалықтар