Қызылорда қаласындағы №6 кітапханада ашық есік күні өткізілді

ҚЫЗЫЛОРДА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда қаласындағы №6 кітапханада «Парасаттың мекені - кітап­хана» атты ашық есік күні өткізілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстың мәдени, рухани өміріндегі ерекше оқиға болып есептелетін «Сырдария кі­тап­ханасы» екі жүз томдығына ар­налып «Тума талант - ел мақ­танышы» атты кітап көрмесі ұй­ым­­дастырылды. Осы көптом­дық­тың құрамында шығар­малары жақын көрген Әбділда Тәжібаев, Сақтаған Ес­маханов және Рүстем Жанайдың мерей­той­ларына арналған бөлімдер ашылып, ақын-жазушылар Әскербек Рахым­бекұлы, Мах­мұтбай Әміреұлы, Асқар Кіребайұлы, Ай­жарық Сәдібекұлы, Сарбұлақ Ибраш­ұлының шығармаларынан үзін­ділер оқылды.

«Ашық есік күні» шарасына қатысқан қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мең­герушісі Жұмабек Әлиев, жа­зушы Сайлаубай Жұбатырұлы, Қызыл­орда көпсалалы гумани­тарлық-техникалық колледжінің ди­ректоры Жанұзақ Байманов кі­тап­ханаға, оның оқырмандарына тілектестік сезім­дерін білдірді.

Соңғы жаңалықтар