Қызылорда қаласының зейнет жасындағы тұрғыны есірткі затын еккені үшін жауапқа тартылады

ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 23-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Қызылорда қаласындағы «Ягодка» саяжайында есірткі затын егіп жүрген 63 жастағы тұрғынды қолға түсірді.
None
None

Осы күндері«Кендір -2010» оперциясын жүргізіп жатқан басқарма қызметкерлері оның ауласында өсіп тұрған 12 түп ерекше иісі бар жасыл түсті шөпті тәркілеп алды. Сараптау қорытындысы бойынша алынған жас өскін құрамында есірткі заты бар сора өсімдігіне жататындығы анықталды. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар