02:30, 15 Қазан 2016 | GMT +5
Қызылорда: Машбек ауылында қазақ күресінен ел чемпионаты өтуде
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Жаңақорған ауданы Машбек ауылында «Құрмет» орденінің иегері, еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған қазақ күресінен 23 жасқа дейінгі жастар арасында Қазақстан Республикасының XI чемпионаты, шағын-футболдан және волейболдан облыстық ашық турнир басталды,-деп хабарлады ҚазАқпарат облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Ел чемпионатына Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтарынан 16 команда, 8 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салуда. Спорт жарыстарына барлығы 500-ге жуық спортшы қатысуда.
Сондай-ақ, 16 қазан күні қазақ күресінен «Түйе палуандар» арасында халықаралық турнир өтеді. Оған Грузия, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 30 палуан бақ сынайды.
Жүлде қоры: Iорынға жеңіл автокөлік, II, III орындарға ақшалай сыйлық беріледі.