Қызылорда мемлекеттік университеті Түркияның Эрзинджан университетімен меморандум жасасты

ҚЫЗЫЛОРДА. 6 мамыр. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада Қорқыт атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мен Түркияның Эрзинджан университетінің басшылары екі оқу орнының білім мен ғылым саласындағы байланысы жөніндегі меморандумға қол қойды.
None
None

Қол қою рәсімі аяқталғаннан кейін Қызылорда университетінің проректоры Бақытжан Сайлыбаев пен Эрзинджан университетініңі ректоры Ильяс Чапоглу бұл меморандумның екі жоғары оқу орнының келешегі көкжиегін кеңейтуге серпін беретініне сенім білдірді. Бұл қызылордалық университеттің түркиялық оқу орындарымен жасасып отырған бірінші байланысы емес. Бұған дейін Сыр бойының ең басты оқу орны Түркияның Ататүрік, Фират, Сүлеймен Демирел, Сакария университетімен осындай қарым-қатынас орнатқан болатын.

Соңғы жаңалықтар