19:10, 27 Қазан 2009 | GMT +5
Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамының семинары болып өтті
ҚЫЗЫЛОРДА. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен облыстық мүгедектер қоғамының семинары болып өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оған республикалық мүгедектер қоғамының төрағасы Әли Амантай қатысты. Облысымызда барлығы 22900 мүгедек бар. Семинар барысында облыстық мүгедектер қоғамының атқарған жұмыстары сарапқа салынды. Соңғы үш жылда аудандарда мүгедектер қоғамының филиалдары ашылған. Сонымен бірге семинар кездесулер де жиі өткізіліп келеді.
Үстіміздегі жылы мүгедектер қоғамының ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында спорттық турнирлер өткізілді. Оған облыстық бюджеттен 1 млн.112 мың теңге бөлінді. Атқарылған жұмыс нәтижелері жоғары бағаға ие болып, облыс әкімі тарапынан аталмыш қоғамға автокөлік сыйға тартылып, қаржылай көмек көрсетілді.