Қызылорда облыстық прокуратурасы «Нұр Отанмен» бірлесіп 1251 заңсыз актінің күшін жойды

ҚЫЗЫЛОРДА. 4 тамыз. ҚазАқпарат - Облыс прокуроры Сапарбек Нұрпейісов пен «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өлмесхан Болатбеков бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен баспасөз мәслихатын өткізді.
None
None

Мәслихатта екі ведомствоның арасында әлеуметтік экономикалық сала бойынша қызметтестік және әріптестік туралы меморандумның орындалу барысы сөз болды. Атап айтқанда, соңғы үш айдың ішінде нормативтік - құқықтық сипаттағы 15 актінің күшін жойғаны атап өтілді. Осы ретте прокуратура 15 қылмыстық іс ашып, 822 құқық бұзушыны тәртіптік, 711 құқық бұзушыны әкімшілік, 80 құқық бұзушыны материалдық, 1 құқық бұзушыны қылмыстық жауапкершілікке тартты.  Прокуратура органдарының құлақ асу актісі бойынша 1,9 млрд. теңге шығын өтелді. Бұлардың 1,6 миллиард теңгесі мемлекеттің меншігіне қайтарылды.   

Соңғы жаңалықтар