07:50, 27 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қызылорда облыстық ТЖД ұжымы сенбілікке қатысты
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - 2010 жылдың 11-қыркүйегі мен 11- қарашасы аралығында Қызылорда қаласында, оған қарасты мекемелер мен елді мекендерде санитарлық тазарту, көркейту, көгалдандыруға арналған 2 айлық жарияланған болатын.
Осыған сәйкес әр сенбі сайын ұжым мүшелері бұқаралық жұмыстарға белсене қатысып келеді. А.Байтұрсынов көшесі 76 А мекен-жайда орналасқан Төтенше жағдайлар департаментінің ғимараты маңында оның қызметкерлері сенбілік жұмыстарына атсалысып, өздеріне бекітілген көше мен аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді.