Қызылорда облысы Астанаға 60 тоннадан астам жоғары сапалы күріш әкелді

Қызылордалықтар елордаға 400 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін әкелді. Әлемнің ең солтүстігіндегі күрішті өлке - Қызылорда облысы «Сыр маржанының» әртүрлі сорттарын ұсынуда. Ірі күріш өндірушілер астаналық тұтуынушылар үшін 60 тоннадан астам жоғары сортты күріш жеткізді.
Жәрмеңкеде балықшылар да 30 тоннадан астам теңіз өнімдерін өткізбек, соның ішінде Аралдың сазаны, ақмарқа, түйетабан және мөңке балық бар. Кейбір балық кәсіпорындары елімізден тыс жерлерге де мәлім. Мәселен, Қазалы ауданындағы «Балық» ЖШС индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының ауқымында жақында іске қосылған болатын, қазірдің өзінде кәсіпорын өз өнімдерін Ресейге экспорттауда.
Сондай-ақ қызылордалықтар 200 тоннадан астам картоп, қарбыз, қауын және басқа да көкөніс пен жеміс өнімдерін жәрмеңкеге шығарды.
Жәрмеңкеде Байқоңыр мұражайының көрмесі ашылды. Онда ғарыш айлағының игерілуі және Юрий Гагариннің бірегей суреттері сияқты құндылықтар бар.
Жәрмеңке ауқымында облыс өнер шеберлерінің концерті және қолөнершілердің көрмесі ұйымдастырылған.