Қызылорда облысы Үкімет басшысын іссапармен келуін күтуде
Қазіргі сағаттарда облыс басшылығы оны Байқоңыр қаласының әуежайында күтіп тұр.
Бұл С.Ахметовтың Үкімет басшысы болып тағайындалғалы бергі Қызылорда облысына алғашқы іспапары. Алдын ала таратылған ақпарат бойынша, Байқоңыр қаласында Премьер-Министр қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысады, сондай-ақ «В.Н.Челомей атындағы халықаралық ғарыш мектебі» лицейінде, «Гагариндік ұшыру алаңында» және Ю.Гагарин мен С.Королевтің мұражайларында болады.
Н.Ілиясов атындағы ауылдық округтің үлгісінде тірек елді-мекендерді дамыту бағдарламасының таныстырылымында ауылдағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, жергілікті өзін-өзі басқару, «Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту-2020» бағдарламасы мәселелері талқыланады.
Облыс орталығында Үкімет басшысына Қызылорда қаласының жаңа әкімшілік орталығын дамыту жоспары таныстырылады. С.Ахметов сондай-ақ облыстық медициналық орталықты және балалар үйлерінің түлектері тұрып жатқан Жасөспірімдер үйін аралайды.
Үкімет басшысы ат басын тірейтін жаңа бизнес-орталықта оның төрағалығымен кеңес өтеді және онда әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындысы және өңірдегі Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы қаралады.