09:04, 20 Қазан 2016 | GMT +5
Қызылорда облысында 1 700 нысан жария етілді
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында мүлікті жария ету жұмыстары жалғасуда. 2016 жылдың 18 қазандағы жағдайы бойынша Қызылорда облысында мүлікті жария етуге барлығы 1 664 өтініш 1 974 жылжымайтын мүліктерді жария етуге берілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық қаржы басқармасына сілтеме жасап.

Оның ішінде тұрғын емес үй-жайлар бойынша - 1 115 өтініш, соның ішінде коммерциялық объектілер бойынша - 930 өтініш, тұрғын үй бойынша - 859 өтініш.
Келіп түскен өтініштер бойынша мүліктердің жалпы бағасы 14 416 573,4 мың теңгені құрады. 1 424 өтініш бойынша жалпы құны 13 450 437,7 мың теңге болатын 1 700 нысан жария етілген.