Қызылорда облысында 27 тонна сұйық күкірт қышқылын тасымалдап бара жатқан автоцистерна аударылды

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - 2 мамыр күні Қызылорда облысы Шиелі ауданы, Еңбекші ауылдық округінің маңында 27 тонна сұйық күкірт қышқылын тасымалдап бара жатқан «Қазатомпром» ЖШС-ның «КамАЗ» автокөлігі аударылды.
None
None

Жол апаты салдарынан 5 тонна күкірт қышқылы ауаға тарады. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінен анықтағандай, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Төгілген қышқылды басқа цистернаға жинау жұмыстары кешке қарай аяқталды.

Төтенше жағдайды жоюмен ҚР ТЖМ Қызылорда облысы бойынша ТЖД-ның 3 адамы мен 1 техникасы айналысты.

Соңғы жаңалықтар