Қызылорда облысында 698837 адам есепке алынды

ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ – Қызылордада халық санағы науқанының негізгі мерзімі біткеннен кейін де есепке алынып жатқан кісілердің қатары көбейе түсуде. Соңғы екі күннің ішінде осылайша бұрын есепке алынбай қалған 1342 адам анықталды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мамандардың айтуынша, жоғарыда келтірілген деректер нақтыланған деуге әлі ертерек. Көрсеткіштер өскен үстіне өсіп, көбеюі, керісінше біршама кеміп кетуі де мүмкін. Қосымша есепке алынған азаматтардың көпшілігі Қызылорда қаласының үлесінде. Бүгінгі таңда облыс орталығын мекен етушілер саны 235562 деп көрсетілген. Байқоңыр қаласында екі күннің ішінде ешқандай өзгеріс жоқ. Аудандар мәліметтерін саралайтын болсақ, Жалағаш ауданынан басқа аймақтарда халықтың саны біршама көбейген. Шетелдіктер саны 874-ті құрайды. Олардың үлес салмағы Қызылорда, Байқоңыр қалаларында басым. Жалағаш ауданында ? 46, Қазалыда ? 16, Қармақшыда ? 14, Жаңақорғанда ? 13, Аралда ? 9, Шиеліде _? 4. Сырдария ауданында шетелдік азаматтар тіркелмеген. Дерек пен дәйекке қызығушылар үшін ұсынарымыз, Қызылорда облысында 698837 адам есепке алынса, олардың 346386-сы ер кісілер, 352451-і әйелдер, 670100-і қазақтар. Тұрғын жайларды қорытынды аралау наурыздың 16-ында аяқталады. Өз жұмыстарын аяқтаған санақшылардың алды құжаттарын тапсырып та үлгіріпті. Маңызды шара кезінде санақ мамандарына ұжымдар тарапынан көп көмек жасалғанын, тұрғындардың да аса ықыласпен атсалысқанын департамент басшылары қуана хабарлады.
Соңғы жаңалықтар