Қызылорда облысында апта ішінде 177 қылмыс тіркелді
Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
Хабарланғандай, 6 шілде күні Қызылорда қаласының тұрғыны күйеуі екеуі автокөліктерімен адам тасымалдап жүрген кезінде жолаушылардың бірі барар жеріне жеткенде оларды пышақпен қорқытқаны жөнінде арызданған. Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті қала тұрғыны ұсталды. Қазіргі таңда тексеру амалдары жүргізілуде.
Келесі күні Қызылорда қаласы дәмханаларының бірінен бұзақы азаматша мекеменің ыдыс-аяқтарын сындырып, заттарын бүлдіргені туралы хабар түсты. Жедел-іздестіру шаралары барысында бойжеткен, қала тұрғыны қолға түсті.
Сондай-ақ Қызылорда қаласының тұрғыны «А» есімді азаматша 2007 жылы жер телімін алып беремін деп алдап, 350 мың теңге ақшасын осы күнге дейін қайтармай жүргендігін жеткізді. Полицейлер күдікті азаматшаға қатысты тексеру амалдарын бастады.