09:36, 17 Қараша 2012 | GMT +5
Қызылорда облысында базарда 5 сауда бутигі мен екі газель өртенді
АСТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы, Шиелі кентінде түнгі сағат 02.20-да Байтұрсынов көшесінде орналасқан «Шорабаев» базарында 5 сауда бутигі пен екі «Газель» автокөлігі өртке оранды. Бұл туралы ҚР ТЖМ хабарлады.
Өрт 02.50-де ауыздықталып, 04.45-те толығымен сөндірілді. Өртке қарсы күреске ҚР ТЖМ Қызылорда облыстық ТЖД-нің өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 10 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды. Жалын ауданы 75 м2 құрады. Зардап шеккендер жоқ.