Қызылорда облысында бір аптаның ішінде 7 өрт оқиғасы орын алды

ҚЫЗЫЛОРДА. 7 мамыр. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің бас маманы,
None
None

өртке қарсы қызмет капитаны Айгүл Нұрманованың хабарлауынша, соңғы аптаның көлемінде облыс аумағында 7 өрт оқиғасы орын алған.

Солардың бірінде Жаңақорған ауданы Сүттіқұдық ауылында бір үйдің мал қорасы өртеніп кетіп, онда тұрған екі бұзау отқа шалынған. Келген шығынның көлемі 200 мың теңге деп бағаланып отыр. Ал Арал ауданындағы Аманөткел елді мекенінде үй ауласындағы қосымша құрылыс от құшағына көмілген. Сол сияқты Қызылорда қаласындағы Әл-Фараби көшесінің бойындағы бір үйдің қорасындағы шөп тілсіз жаудың шырмауына ұшыраған. Бұлардың бәрінің себебі балалардың отпен ойнауынан болған.

Тағы екі жағдайда электр желілерінің тұйықталуынан өрт шыққан. Мәселен, «Сабалақ» саяжындағы үйде болған өрттің себебі осы. Қызылорда-Жезқазған трассасы бойында өртенген «Урал ПКС» автокөлігіне де осыдан зауал келген. Қызылорда және Қазалы қалаларында тіркелген екі өрт оқиғасының себептері енді анықталуда.

Соңғы жаңалықтар