Қызылорда облысында бір аптаның ішінде 8 өрт оқиғасы тіркелді

ҚЫЗЫЛОРДА. 30 сәуір. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында соңғы аптада 8 өрт оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Айгүл Нұрманова.
None
None

Бұлардың тең жартысында үй іргесіндегі мал қораны өрт шалғаны анықталды. Айталық, Жалағаш ауданы Аққыр ауылында қатар тұрған екі қора бірдей өртеніп кеткен. Осындай ахуалды Сырдария ауданы Шаған елді мекеніндегі бір отбасы да бастан кешірді. Қызылорда қаласындағы жеке үйдің мал қорасының өртенуіне де оттан абай болмағандық жол берген. Бұлардан бөлек, саяжайдағы баспана мен сарайдың отқа орану деректері тіркелді. Тағы бір жағдайда есік алдында тұрған жеңіл көлік тілсіз жаудың құрбанына айналды.

Соңғы жаңалықтар