13:31, 10 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қызылорда облысында бөлшек сауда айналымы бірінші жартыжылдықта 10,7 пайызға көтерілді
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында бөлшек сауда айналымында айтарлықтай ілгері өрлеушіліктер бар.
Соның нәтижесінде 2009 жылы оның көлемі 10,7 пайызға көтерілгені байқалады. Атап айтқанда, осы аралықта тауар айналымы 27,1 млрд. теңгеге жетті. Бұл өткен жылдыңосымезгіліне қарағанда, 13,1 пайызға жоғары. Сауда кәсіпорындары өнімдерінің өсуі есепті кезеңде 26,2 пайызға артқан.