12:36, 12 Тамыз 2010 | GMT +5
Қызылорда облысында егін жинау науқанына санаулы күндер қалды
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облысында егін жинау науқанына санаулы күндер қалды.

Астықтың піскен кезін Үркерге қарап күткен диқаншылардың ала жаздайғы төккен тері мен еңбегінің жемісін көрер күн де жақын.
Бүгінгі таңға облыс бойынша егілген негізгі дақыл - күріш егісінің 60 пайызы - жақсы, 36 пайызы - орта және 4 пайызға жуығы нашар деп бағаланып отыр. Қазірде күріш алқаптарындағы 7585 гектардың суы байланды. Болжам бойынша алғашқы орақ ауа райы ыстық оңтүстік аудандарда басталуы тиіс.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, бұған дейін арамшөптерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары аяқталған. Облыс бойынша биылғы жылы 43,5 мың гектар күріш егісі гербицидтермен өңделген.