08:13, 24 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қызылорда облысында экономикалық қызмет түрлері бойынша өнеркәсіп өндірістерінде алға ілгерілеушілік байқалады
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысының статистика басқармасының мәліметіне сүйенсек, қаңтар-тамыз айларында экономикалық қызмет түрлері бойынша
өнеркәсіп өндірісінің көлемі 104,8 пайызға өскен. Ағымдағы жылдың қаңтар-тамызында өндірілген өнім 498 796 млн. теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 2009 жылғы қаңтар-тамыз деңгейіне 101,7 пайызды құрады.
Оның ішінде кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 469 087 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,6 пайызды құрады.
2010 жылғы қаңтар-тамызында 444 031 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2009 жылдың қаңтар-тамыз деңгейінен металл кендерін өндіру өнеркәсібі 136,1 пайызды, сондай-ақ кен өндіру өнеркәсібінің өзге де салалары - 192,2, ал кен өндіру өнеркәсібі саласындағы техникалық қызметтер 176,6 пайызды құрап, тамақ өнімдерін өндіруде 112,1 пайызға өскені байқалды.