11:56, 10 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қызылорда облысында экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны бірінші жартыжылдық соңында 318,6 мың адам болды
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша, биылғы жылдың бірінші жартыжылдығының соңында облыстағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 318,6 мың адамға жеткен. Бұл былтырғы жылғы салыстырмалы уақытқа қарағанда, 9,3 мың адамға артық. Қазіргі таңда аймақта экономиканың алуан түрлі салаларында 299,5 мың адам әртүрлі жұмыстар атқарып келеді.
Үстіміздегі жылғы жартыжылдықта жалданып жұмыс жасаушылар саны 175,2 мың адам болды. Олбылтырғғы жылдың осы уағымен салыстырғанда, 5,8 пайызға көп. Ал өзідігінен жұмыспен қамтылғандар қатары биыл 1,1 пайызға артқаны байқалады.