Қызылорда облысында электр желілерін қайта жаңғырту жөніндегі бағдарламаның бірінші кезеңі табысты аяқталды

ҚЫЗЫЛОРДА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында «Аудандардың электр желілерін қайта жаңғырту» жөніндегі өңірлік бағдарламаның бірінші кезеңі табысты аяқталды.
None
None

Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

2010 жылы қабылданған бұл өңірлік бағдарлама үш жылға жоспарланған. Осы бағдарлама аясында 2013 жылға дейін аймақтағы барлық жеті аудан­ның электр желілерін қайта жаңғыртылып шығады. Аталмыш жұмыстарға облыстық бюджеттен 1 млрд. 444 млн. қаржы қаралып отыр.

- Бүкіл елімізде, соның ішінде біздің облысы­мызда да Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып жатқанын білесіздер. Өңірімізде ірі өндіріс орындарын ашып, экономикамызды дамытамыз десек, ең бірінші кезекте зауыттар мен кәсіпорындарға біз электр энергиясын үздіксіз, тұрақты түрде беріп отыруымыз керек. Сондықтан да аталған бағдарлама 2012-2013 жылдары жалғасатын болады, - деді облыс әкімі Б.Қуандықов «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ Шиелі аудандық электр тораптары мекемесінде болған кездесуінде.

Соңғы жаңалықтар