Қызылорда облысында геолог мамандар тапшы

Барлық жас мамандар Жаңақорған, Шиелі аудандарындағы уран өндіру мекемелерінде жұмыс істеп жүр.
Облыс халқына Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақсай кен орнының өндірістік игеруге қосылуы жақсы жаңалық болды. Бұл кен орнынан өндірілген газ Қызылорда облысы халқының тұтынуына бағытталып отыр.
Өткен жылдың қорытындысымен облыс аймағындағы мұнай-газ кен орындарынан 9858,6 мың тонна мұнай және 1,466 млн. м 3 газ өндірілді.
- Жер қойнауын пайдалану саласындағы негізгі принциптердің бірі - өндірілген пайдалы қазбаларды тиімді пайдалану. Алайда жер қойнауын пайдаланушылар әр түрлі себептермен өндірілген пайдалы қазбаларды тиімсіз пайдалануға жол беруде. Ол негізінен мұнай-газ кен орындарынан өндірілген ілеспе газды нормативтен тыс немесе рұқсатсыз жағу. Өткен жылдың қорытындысымен ілеспе газды заң талаптарын бұза отырып шырақтарда жағу деректері бойынша мемлекет пайдасына 206 205,000 мың теңге көлемінде залал өндірілді, - деді инспекция басшысы.