08:03, 16 Тамыз 2010 | GMT +5
Қызылорда облысында халықтың экономикалық тұрғыдан белсенді тобын 318,6 мың адам құрайды
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облыстық статистика департаментінің мәліметіне сүйенсек, үстіміздегі жылдың алғашқы алты айында Сыр өңіріндегі экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 318,6 мың адамды құрады.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 9,3 мың адамға жоғары. Облыста экономиканың түрлі саласында 299,5 мың адам жұмыспен қамтылған. Үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында еліміздегі жұмыссыздық 5,8 пайызды шамалайды. Облыстағы бұл көрсеткіш те сол деңгейде.