13:51, 10 Мамыр 2011 | GMT +5
Қызылорда облысында қаржы бақылаушылар 76 нысанда 941,6 млн. теңгенің қаржылық бұзушылық болғанын анықтады
ҚЫЗЫЛОРДА. 10 мамыр. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысы қаржы бақылау комитеті инспекциясының қызметкерлері жыл басынан бері 76 нысанда 941,6 млн. теңгенің қаржылық бұзушылық деректерінің орын алғанын анықтады.

Бұл туралы инспекция бастығы Рысбек Мәмбетов мәлімдеді.
Жоғарыда аталған соманың 786,7 млн. теңгесі орнына келтіріліп, бюджетке түсуі керек болса, қазірге дейін оның 278,7 млн. теңгесі ғана қайтарылған. Осы бұзушылық бойынша 16 лауазым иесінің мәселесі тәртіптік кеңеске ұсынылып, 4 шенеунікке 302,4 мың теңге көлемінде әкімгершілік айыппұл салынды. Сонымен қатар 469,6 млн. теңгеге байланысты 12 материал құқық қорғау органдарына жіберілді.