16:38, 24 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қызылорда облысында «Кәсіпкерліктің жедел курсы» атты оқыту-тренингтері өтті
ҚЫЗЫЛОРДА. Желтоқсанның 24-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы аясында «Кәсіпкерліктің жедел курсы» атты оқыту-тренингтері осы жылдың қараша-желтоқсан айларында Қызылорда облысының барлық ауданында өткізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқыту-тренингтерге барлығы 840 тыңдаушы қамтылып, толық курсты меңгерген 370 тыңдаушыға сертификаттар табысталды. Тренингтің негізгі қатысушылары, бұл - жастар тәжірибесінде жүрген жас мамандар, экономика және қаржы факультетінде дәріс алып жүрген соңғы курс студенттері, жұмыссыздар, кәсіпкерлер, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер және кәсіпкер болуға ниетті азаматтар. Сонымен қатар осы тренингтерге мүмкіншілігі шектеулі адамдар да қатысты. Ең көп қатысушылар Арал ауданында (154 адам), Қызылорда қаласында (119 адам), Жаңақорған ауданында (93 адам), Жалағаш ауданында (92 адам) тіркелді.