Қызылорда облысында қазір 34 сауда базары халыққа қызмет көрсетуде

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында қазіргі таңда 34 сауда базары халық тұтыным заттарын ұсынып, жұртшылыққа қызмет көрсетуде. Бұлардың 16-сы заңды тұлғалардың, 18-і жеке кәсіпкерлердің меншіктеріне қарайды.
None
None

Аталмыш базарлардың басым бөлігі - 14-і Қызылорда қаласында орналасса, 7-уі Қазалы ауданының еншісіне жатады. Сол сияқты 2649 сауда орындарының басын қосатын 18-і ауылдық жерлерде қызмет жасайды. Базарлардың типтері бойынша 52 пайызы құрамдастырылған болса, 55,9 пайызы тауарлық сатуға жүйеленген. Облыс бойынша жұмыс істейтін яғни базардың қарамағына жататын 12 бірлік павильондар, 50 бірлік дүңгіршіктер, 152 бірлік контейнерлер, сонымен қатар 12 бірлік ветеринарлық-санитарлық сарапшылар зертханалары базарларға қызметін көрсетеді.

Соңғы жаңалықтар