Қызылорда облысында қазіргі таңда 19,1 мың жұмыссыз бар

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында қазіргі таңда 19,1 мың жұмыссыз тіркеліп отыр. Оның деңгейі экономикалық белсенді халық санының 6,0 пайызын құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2010 жылғы тамыз соңына 2,2 мың адамды құрады, ол экономикалық белсенді халық санының 0,7 пайызы болып отыр.
None
None

2010 жылдың қаңтар-шілдесінде қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 67416 теңгені құрады. 2009 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда өсім 13,0% болды. Осы кезеңде нақты жалақы 5,6 пайызға артты.

Соңғы жаңалықтар