Қызылорда облысында кенеден жұққан кеселден сиырлар өле бастады

ҚЫЗЫЛОРДА. 10 мамыр. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қырым-Конго қанды безгегін тарататын кенелердің шағуынан кейін Қызылорда облысында өрісте жүрген сиырлар өле бастады,
None
None

деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Бұл оқиға Қызылорда қаласына қарасты Қарауылтөбе ауылдық округінде өріске кетіп бара жатқан сиырлар арасында алғаш кездескен. Ол аталмыш дертке қарсы дезинфикциялық жұмыстары жүргізілгеннен кейін басталған. Нақтылай айтқанда, өрісте кетіп бара жатқан жерде ірі қаралар тұрған бойларында құлап, өле бастаған.

Күні бүгінге дейін мұнда 28 бас ірі қара осылай арам қатқан. Қазір қалған малдарды аман алып қалу мақсатында егу жұмыстары мен емдеу шаралары жасалуда. Өлген сиырларды эпидемиология нормаларына сәйкес көмілетін болады. Оқиға орнына ТЖД-нен 5 адам және 1 техника, ІІД арнайы тобы құрамында 12 адам 4 техника, прокуратура қызметкерлері 3 адам 1 техника шықты. Сондай-ақ оқиға орнында қалалық СЭС өкілі, қалалық ветеринария бөлімі, Қарауылтөбе ауылдық округі әкімшілігінен қызметкерлер және тағы басқа да сала қызметкерлері болды. Ішкі істер департаменті мен прокуратура органдары кінәлілерді іздестіру шараларын қолға алды.

Соңғы жаңалықтар