08:10, 06 Мамыр 2011 | GMT +5
Қызылорда облысында Конго-Қырым қанды безгегі диагнозымен бір ер адам ауруханаға жеткізілді
АНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданының аудандық ауруханасына Конго-Қырым қанды безгегі диагнозымен бір ер адам ауруханаға жеткізілді.

Төтенше жағдайлар министрлігінен хабарлағандай, аурухананың жұқпа бөлімшесіне жеткізілген - Майлытоғай елді мекенінің 36 жастағы тұрғыны. 5 мамыр күні сағат 15.30 түскен азаматтың денсаулық жағдайы медицина мамандарының бағалауынша - орташа ауыр.