08:59, 27 Сәуір 2011 | GMT +5
Қызылорда облысында «құтыру» диагнозымен бір адам ауруханаға жатқызылды
АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында «құтыру» диагнозымен бір адам ауруханаға жатқызылды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.
69 жастағы азамат Қызылорда облысы Қармақшы ауданына қарасты Қармақшы елді мекені Тасқын бөлімшесінің тұрғыны. Аудандық аурухананың жұқпа аурулар бөлімшесіне ол 26 сәуір күні кешкі сағат 6 жарымда жеткізілді.
Қазір науқаспен байланыста болған 4 адам дәрігерлердің бақылауына алынды, олар антибактериологиялық ем алуда.