Қызылорда облысында мектептерге қажетті қатты отынның 26 пайызы ғана дайын

ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылорда облысында қысқы жылыту маусымында мектептер үшін қажет болатын қатты отынның 26 пайызы ғана дайын.
None
None

Сол сияқты сұйық отынның бар болғаны 1 пайызы әзірленген. Бұл туралы облыстық әкімдіктің мәжілісінде энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Батыржан Қаракөзов мәлім етті. Соған қарамастан, ол дайындық жұмыстарының 95 пайызға атқарылып қойылғанын баяндайды. Оның айтуынша, аймақта жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын жүргізу үшін 4,7 млрд. теңге ақша бөлінген. Басқарма бастығы қысқа дайындықты кешеуілдетіп отырған жекелеген аудандардың бар екенін мойындайды. Мысалы, Арал ауданындағы Қамыстыбас ауылындағы мектептің қазандығы әлі дайын емес. Қазалы ауданында қажетті отын қорының 44 пайызы ғана жиналған. Кейбір аудандар қысқа дайындыққа қыркүйектің 20-да ғана кіріскен.

Соңғы жаңалықтар