09:58, 02 Маусым 2009 | GMT +5
Қызылорда облысында мұнай тасымалдайтын екі көлік соқтығысып, 20 тонна мұнай төгілді
АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында жол-көлік оқиғасының салдарынан мұнай төгілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Қызылорда-Құмкөл жолының 51-ші шақырымында бүгін түнде сағат 00.30-да мұнай тасымалдайтын екі «КамАЗ» көлігі соқтығысып қалды. Оқиға салдарынан 23 тонна мұнай төгілді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.