Қызылорда облысында мұнай ұрлығының 6 дерегі анықталды

ҚЫЗЫЛОРДА. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында Қызылорда облысы көлемінде мұнай ұрлығына қатысты 6 қылмыстық іс қозғалып,
None
None

оның 3-і негізінде іс сотқа жолданды. Қалған 3 іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Облыстық прокуратураның басқарма прокуроры Нүркен Тұрғанбай осылай мәлім етті.

Есепті мерзімде заңсыз айналымнан 235 млн. теңгені құрайтын 2 мыңнан астам тонна шикі мұнай алынып, мемлекеттің пайдасына 2 млн. теңгенің 39 тонна шикі мұнайы тәркіленген. Мысалы, қаржы полициясының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде «Қызылордажылуэлектро орталығы» МКК-да орналасқан «Жидек-инвест» ЖШС-нің терминалының ауласында М.А. басқаруындағы мұнай тасымалдау автокөлігінің цистернасына құйылған ешқандай құжаттарсыз жалпы құны 1 951 332 теңгені құрайтын 29 тонна шикі мұнайды ұстады. Тексеру барысында, қала тұрғыны М.С. мемлекеттік лицензиясыз және көрінеу қылмыстық жолмен табылған шикі мұнайды заңсыз сақтап, тасымалдаумен айналысқандығы анықталды.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында облыстық ішкі істер департаменті 1 заңсыз мұнай өңдейтін цехты әшкерлеп, ол бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл орын Қызылорда-Жезқазған трассасының 53 шақырымынан табылған. Онда заңсыз қолдан жасалған мұнай қайнату цехы жұмыс істеп тұрған. Сол жерде азамат Б.С. басқаруындағы «КамАЗ-5411» маркалы мұнай тасымалдағыш автокөлігі ешбір құжатсыз 10 тонна шикі мұнайымен ұсталды. Тексеру барысында А.Ш жеке кәсіпкер ретінде салық органында тіркеуден өтпей, шикі мұнайды заңсыз өңдеп және сатумен айналысқандары анықталды.

Облыс көлемінде мұнай құбырларының зақымдау фактілері бойынша бірқылмыстық іс қозғалып, ол айыпталушы ретінде жауапқа тартылатын адамның анықталмауына байланысты тоқтамға алынған. Атап айтқанда, Жалағаш аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісі Б. Тобаев «Петро Казахстан Кұмкөл Рессорсиз» АҚ бастығы Ф.Цзячжунның 2010 жылдың 21 желтоқсанында белгісіз адамдардың алдын ала сөз байласып, аталған АҚ-ға қарасты «Қызылқия - Арысқұм» кешенінен 14 шақырым жердегі жоғары қысымдағы мұнай айдау құбырын қасақана зақымдап, оған шүмек орнатқандығы туралы хатына сәйкес тергеуге дейінгі тексеру амалдары жүргізілді.

Облыс көлемінде орналасқан мұнай кеніштерінен және магистралдық мұнай жүйелері өтетін құбырлардан мұнайлардың ысырап етілмеуіне, ұрланбауына, заңсыз тасымалдаудың жолын кесу бағытындағы жұмыстар «Групп-4», «Ойл-Секюрити» және басқа да арнайы жеке күзет фирмаларының қызметкерлерімен жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар
Референдум