13:47, 12 Тамыз 2010 | GMT +5
Қызылорда облысында негізгі қорға тартылған инвестиция 89,1 пайызға артты
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облысында өткен жылмен салыстырғанда, биылғы алғашқы жартыжылдықта аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында ілгерілеу басым.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Балжан Шәменованың айтуынша, аймақтағы өнеркәсіп кәсіпорындары 367,7 млрд. теңгенің өнімін өндірген. Ауылшаруашылық саласында да айтарлықтай табыс бар. Негізгі қорға тартылған инвестиция 2009 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 89,1 пайызға артты. Үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында алғашқы жартыжылдықта жалпы құны 12,3 млрд. теңге болатын 7 жоба іске қосылды.