18:40, 28 Шілде 2015 | GMT +5
Қызылорда облысында «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пәтер ұрлықтары қылмыстарын дер кезінде анықтау, алдын алу және кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту мақсатында ағымдағы жылдың 27-29 шілдесі аралығында облыс көлемінде «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Іс-шараның бірінші күнінде полиция қызметкерлерімен пәтер ұрлығы қылмысының 6 дерегі анықталып, аталған қылмыстарды жасаған үшін 7 қылмыскер құрықталды.
Барлығына қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Бұл бағыттағы жұмыстар шілде айының 29-на дейін жалғасын болады.