Қызылорда облысында силикат кірпіштерін, асфальт шығаратын ірі зауыттар салынып жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - «Шиелі тас» ЖШС-ның жобалық құны 602 млн. теңгені құрайтын «Шиелі тас Оңтүстік» ЖШС өндірген әк негізінде силикат кірпіштерін өндіру зауыты жобасы аймақтық үйлестіру кеңесіне ұсынылып, мақұлданды.
None
None

Жаңа жұмыс орындарымен 59 адам қамтылады. Қазіргі таңға индустриялық аймақтан 3 гектар жер телімі құжаттары дайындалды, деп хабарлады Шиелі аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, «Шиелі сапаржайы» ЖШС-ның жобалық құны 400 млн. теңгелік «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық автокөлік жолы бойында «А» санатындағы сервистік қызмет көрсету кешені құрылысының жобасы. Мұнда 32 адам жұмыспен қамтылады. Қазіргі таңға жер телімі құжаттары дайындалып, іргетасын құю жұмыстары қолға алынды.

Ал «Тұлпар 2000» ЖШС-ның жобалық құны 354 млн. теңгелік асфальт-бетон зауытының құрылысының жобасы 2016 жылы толық іске қосылады деп күтілуде. Ол жылына 48 мың тонна асфальт шығаратын болады. Жаңа жұмыс орнымен 53 адам қамтылады, қазіргі уақытта жер телімінің құжаттары рәсімделуде.

«Жолдасов» шаруа қожалығының жобалық құны 82,7 млн. теңгелік, жылдық қуаттылығы 40 мың тонналық жем дайындау цехының және мал бордақылау алаңының құрылысы жобасы да мақұлданды. Бұл кешендерде 34 адам жаңа жұмыс орнымен қамтылады.

Соңғы жаңалықтар