Қызылорда облысында су тасқынымен байланысты жағдай бақылауға алынды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Облыстық ТЖД қызметкерлері Қармақшы, Қазалы аудандарындағы көктемде болуы ықтимал су тасқынына байланысты жағдайды бақылауға алу мақсатында тиісті шаралар қолдануда. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
None
None

17 наурызда «МИ-171» тікұшағы Сырдария өзеніне мониторинг жұмыстарын жүргізуге Қызылорда-Қазалы-Қызылорда бағыты бойынша ұшты. Тікұшақ бортында 10 облыстық ТЖД қызметкері және облыстық әкімшіліктің өкілдері, 3 экипаж мүшесі болды. Су тасқынымен байланысты жағдайға бақылау жүргізу жұмыстарына Қызылорда облысы ТЖД бастығы, азаматтық қорғаныс полковнигі О.Бержанов пен Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы С.Сермағамбетов басшылық жасады.

Қазіргі уақытта өңірге ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар қызметінің Республикалық жедел құтқару жасағынан қосымша құтқарушылардың облысқа келгендігін айта кету керек. Олар қазіргі кезде Қармақшы, Қазалы аудандарында су тасқыны жағдайының алдын алу мақсатындағы жұмыстарын бастап кетті.

Мамандардың негізгі жұмыс бағыты су тасқынының алдын алу және онымен байланысты жағдайға жүйелі мониторинг жасау, су тасқыны болуы мүмкін аймақтарды барлау болды. Қазіргі күні мұз Қызылорда су торабынан 245 шақырым төменде жатыр. Сырдария өзен арнасының жағдайы бірқалыпты, елді-мекендерге ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Соңғы жаңалықтар