13:52, 13 Шілде 2013 | GMT +5
Қызылорда облысында тораңғыл тоғайларын өрт шалды
ҚЫЗЫЛОРДА. 13 шілде. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласына қарасты Ақжарма елді мекенінің шығыс жақ бетіндегі тораңғыл тоғайларын өрт шалды.
Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
«Тексере келгенде, «Шымкент-Самара» күре жолынан 200-250 метр жерде тораңғыл тоғайының отқа оранғаны анықталды. Өртенген дарақтардың орташа биіктігі 4-6 метр, орташа диаметрі 4-12 см. Жалпы саны 46 түп ағаш жанған», делінген таратылған хабарламада.