09:55, 04 Мамыр 2011 | GMT +5
Қызылорда облысында төрт адам мінген автокөлік каналға құлап кетті, аман қалғандар жоқ - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Өткен дүйсенбі күні Қызылорда облысында Қазалы ауданына қарасты Өркенді елді мекенінен алты шақырым жерде «ВАЗ» көлігі жүргізушісінің рөлге ие бола алмауы салдарынан машина каналға құлап кеткен.

ҚР ТЖМ-нан анықтағандай, көлікте болған үш азамат пен оның жүргізушісі суға кетіп, мерт болды. Жергілікті тұрғындар олардың денелерін судан келесі күні алып шықты.