11:38, 27 Қазан 2009 | GMT +5
Қызылорда облысында үлкен жол апатында бес адам мерт болды
АСТАНА. Қазанның 27-сі. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында болған үлкен жол апатында бес адам қаза тапты, тағы бес адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті,

деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Дүйсенбі күні сағат 11.40-та «Шымкент-Самара» тас жолында «Ауди» және «Фольксваген» көліктері соқтығысып қалды. Оқиға салдарынан екі жүргізуші мен үш жолаушы апат орнында көз жұмды. Тағы бес адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті, олардың ішінде 2 және 1 жасар екі бала бар.