Қызылорда облысында жаңадан үш басқарма құрылып, олардың басшылары тағайындалды
Жаңадан құрылған облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымына Имандосов Мұрат Самұратұлы тағайындалды. Ол 1972 жылы туған. Қарағанды мемлекеттік университетін - экономист, Әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін заңгер мамандықтары бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты. Бұған дейін Қармақшы ауданының әкімі болған.
Бұрын Сырдария ауданының әкімі болған Әбілтай Ғизат Майданұлы жаңадан құрылған облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы болып тағайындалды. Ол 1976 жылы туған.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетін - экономист-шығыстанушы, Бизнес және ақпараттық технологиялар халықаралық университетін экономист мамандықтары бойынша бітірген.
Жаңадан құрылған еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшысы лауазымына Жолдасбаев Нұрлыбек Қалжатайұлы тағайындалды.Ол 1955 жылы туған. Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясын зоотехник-зооинженер мамандығы бойынша бітірген. Бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің облыс бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры қызметін атқарып келді.